Menu Close

Kazakh Nicene-Constantinopolitan Creed

Мен бір Құдайға, Құдіретті Әкеге, аспан мен жердің, көзге көрінетін және көрінбейтіннің Жаратушысына сенемін. Және жалғыз Тәңір Иса Мәсіхке сенемін, Ол бар ғасырлар бұрын Әкеден туылған Құдайдың жалғыз Ұлы: Құдайдан Құдай, Жарықтан жарық, шынайы Құдайдан шынайы Құдай, туылған, жаратылмаған, Әкемен бір болмысы, барлығы Ол арқылы жаратылды. Ол біз, адамдар үшін, және біздің құтқаруымыз үшін аспаннан түсті.

Және Киелі Рух пен Мәриям Бикештен ұрықталып, адам болып келді, Ол Понти Пилат тұсында біз үшін шегеленді, азап шекті де көмілді, Жазбалар бойынша, үшінші күні өлімнен қайта тірілді, аспандады және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр, Ол тірілер мен өлілерді соттауға даңқта қайта келе жатыр, және Оның Патшалығының шегі болмайды. Және  Киелі Рухқа, Тәңір мен Рухтандырушыға сенемін, Ол Әке мен Ұлынан келіп тұр, Әке мен Ұлмен бірге Оған табыну  мен мадақ лайық, Ол пайғамбарлар арқылы хабарлады. Және біртұтас  Киелі Католік пен Елшілік Шіркеуге сенемін. Күнәлардың кешірілуіне бір рет ғана өтетін шоқындыру рәсімін танимын. Өлгендердің тірілуін және болашақ өмірін күтудемін. Аумин.

Show Buttons
Hide Buttons